Сауд Арабиясына Қазақстан еті мен балын экспорттайтын компаниялардың саны өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
"Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар", - деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу