Сауд Арабиясында аттракцион қақ ортасынан бөлініп, 23 адам жарақат алды

184

Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Сауд Арабиясында аттракцион қақ ортасынан бөлініп, 23 адам жарақат алды Фото: Бейнежазбадан

Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park ойын-сауық саябағында "360 градус" аттракционы сынып кетіп, кем дегенде 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, демалушылар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді. Құлау кезінде адамдардың қорқыныштан айқайлаған дауысы естіледі.

Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу