Сауд Арабиясында қажылық маусымы басталды

846

Сауд Арабиясында қажылық маусымы қатаң шектеулер жағдайында басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.  

Сауд Арабиясында қажылық маусымы басталды

Биыл қажылық 17-22 шілдеге аралығында өтеді. Екінші жыл қатарынан бұл рәсімге басқа мемлекеттің азаматтары қатыса алмайды. 

Қажылыққа елде бекітілген коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған 18-65 жас аралығындағы Сауд Арабиясының 60 мың тұрғыны қатысады. 

Осы жылы қажылыққа баратындар саны өткен жылмен салыстырғандар әлдеқайда көп. 2020 жылы 10 мың адам барған.

Билік 5 күндік қажылық кезінде коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған қатаң шектеулер өткен жылғыдай оң нәтижесін береді деп үміттенеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу