Сауд Арабиясында әлеуметтік желіге жазба жариялаған мұғалім өлім жазасына кесілді

1225

Зейнеткер мұғалімнің Twitter және YouTube желілеріндегі анонимді аккаунттарында небәрі 10 жазылушысы болған.  

Сауд Арабиясында әлеуметтік желіге жазба жариялаған мұғалім өлім жазасына кесілді Фото: ZN.ua

Сауд Арабиясында 54 жастағы зейнеткер ұстаз Мұхаммед бен Нассер әл-Гамдиді әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Amnesty International порталына сілтеме жасап.

Сотталушының ағасы Мұхаммедтің 2022 жылы 11 маусымда Мекке қаласындағы үйінде ұсталғанын айтты. Оны төрт ай бойы түрмеде бір адамдық камерада ұстады, отбасымен байланысуға және адвокатпен кездесуге мүмкіндік бермеген.

Amnesty International ұйымының Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерін зерттеу жөніндегі директоры Филипп Лютер Мұхаммед бин Нассер әл-Гамдидің Twitter және YouTube-тегі анонимді аккаунттарында барлығы 10 ғана жазылушысы бар екенін айтты.

Ол терроризмге қарсы заңның бірнеше бабы бойынша сотталған. Оның Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагерін, сондай-ақ Сауд Арабиясының сыртқы саясатын сынағаны, ұсталған діни қызметкерлерді босатуға шақырғаны және бағаның өсуіне наразылық білдіргені атап өтілген.

Әл-Гамдидің ағасы доктор Саид бин Нассер әл-Гамди - Ұлыбританияда өз бетінше қуғында жүрген исламтанушы және үкімет сыншысы. Ол ағасының өлім жазасына кесілуі оның белсенділігі үшін репрессия болды деп есептейді.

"Өлім жазасы өмір сүру құқығын бұзу және ең қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын жаза болып табылады. Ал Мұхаммед бин Нассер әл-Гамдиге қатысты бұл үкім тек өзіне ғана емес, сонымен бірге отбасына берілген қатала жаза болып көрінеді", деп түсіндірді Филипп Лютер.

Құқық қорғаушылар Сауд Арабиясы билігін өлім жазасын жоюға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу