Патша Салман бен Абдел Азиз әл Сауд өзінің мирасқоры ретінде 31 жастағы ұлы Мұхаммед бен Салманды тағайындады, деп хабарлайды 24.kz.
Осыған дейін мұндай мәртебе елдің ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наифте болған еді. Енді патша шешімімен ол министр қызметінен де босатылды.
Осыған дейін Сауд Арабиясында билік патшалықтың жасы үлкен отбасы мүшесіне ауысып отырған. Тақ иелену тәртібінің неліктен өзгергені белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу