Алайда мұндай додадағы ең қомақты әрі қымбат сыйлықты кім иеленгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Дәстүр бойынша спорттық мерекеге Сауд Арабиясының Корольдік отбасы мүшелері, сондай-ақ Таяу Шығыстың түкпір-түкпірінен келген танымал саясаткерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, жалпы 30 елден көптеген құрметті қонақтар келді.
Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бин Салман Сауд Арабиясының экономикасы мен қоғамын туризмді дамыту арқылы өзгертуге күш салып жатыр. Ал оның пісіп-жетілуіне мәдени шаралар таптырмас құрал.
Бәйгеге аймақтың бірнеше елі қатысты. Сонымен қатар, чемпионат барысында араб елдерінің тіршілігі мен тарихынан сыр шертетін көрмелер де ұйымдастырылған.