Сауд Арабиясындағы елші "Қайғылы қаңтар" туралы айтты

1070

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы тұрақты өкілі Берік Арын ИЫҰ бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Сауд Арабиясындағы елші "Қайғылы қаңтар" туралы айтты

Кездесу барысында өзара қызығушылық тудыратын халықаралық проблемалар, ислам әлеміндегі қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, оның ішінде ИЫҰ шеңберінде ұсынылған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, исламдық татуласу, "ИЫҰ-15" диалог алаңын құру сынды қазақстандық бастамаларды іске асыру барысын талқылады.

"Елші Бас хатшыны биылғы қаңтарда Қазақстанда болған оқиғалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған батыл әрі уақытылы шаралардың арқасында жағдай тұрақтанып, ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштерінің біздің ел аумағынан шығарылу үрдісі аяқталып жатқандығын атап өтті", – деп жазады СІМ.

Елші ИЫҰ Бас хатшысына Қазақстандағы жағдайға байланысты ИЫҰ-ның еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін және аумағының тұтастығын сақтауда Қазақстан халқымен ынтымақтасатыны туралы 2022 жылғы 6 қаңтарда жасалған уақытылы мәлімдемесі үшін ризашылығын білдірді.

Х. Таха Қазақстанның ұйым аясындағы қызметін жоғары бағалап, Бас хатшылық ислам әлемін дамытуға бағытталған қазақстандық бастамаларға алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу