Сауд Арабиясындағы мешіттер қайтадан ашылады

545

Бұл елде індет қарқыны бәсеңдеп жатыр.

Сауд Арабиясындағы мешіттер қайтадан ашылады

31 мамырда Сауд Арабиясында 90 мыңнан астам мешіт пен намаз оқитын орындар өз жұмысына кіріседі. Бұған дейін жаңа коронавирус пандемиясына байланысты олар жабылған еді. Бұл туралы елдің Ислам істері жөніндегі министрілігі хабарлады. 

Дегенмен ведомство өкілдері егде жастағы адамдар мен балаларды намазға қатыспауға шақырды. Намазға 20 минут қалғанда мешітте жиналуға болады, кейін дұға оқылғаннан кейін 20 минут өткен соң мешіт жабылады. Сондай-ақ тұрғындар маска киіп, екі метрдей ара-қашықтықты ұстану міндеттелді. 

Ресми дерек бойынша, елдегі вирус жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асып кеткен. Оның 54 мыңы ем-дом қабылдап жазылған. Қазір індет қарқыны бұл елде ақырындап бәсеңдеп келеді. Соңғы рет бір күнде 3531 адамның аурудан айыққаны тіркелді. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметіне сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5,8 миллионнан асқан. Оның 359 мыңы қайтыс болды. 2,4 миллион кісі жазылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу