Сауд Арабиясының Орталық банкі (SAMA) клиенттермен байланыс жасау үшін қолданылатын хабар алмасу қосымшаларын, соның ішінде WhatsApp қолдануды тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Asharq Al-Awsat-тың хабарлауынша, Орталық банк қаржы институттарына клиенттермен байланыс үшін қауіпсіз баламалы қосымшаларды зерделеуді тапсырған. Мәселен, ресми мобильді қосымшалар, веб-сайттардағы чат немесе чат-бот қызметтерін интеграциялау. Бұл жеке деректерді қорғау талаптарының сақталуына мүмкіндік береді.
Тиісті тапсырмалар бөлім қызметкерлеріне, тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне және маркетинг қызметіне жіберілген
Сауд Арабиясының банктеріндегі ақпараттандыру комитеті әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшалар арқылы жалған қайырымдылық жинау деректері жиілегенін ескертті.
"Комитет қайырымдылық ұйымдарының атын жамылып, қаржылық қолдау ұсынатын алаяқтық әдіс-тәсілдерді атап көрсетті. Алаяқтық құрбандары банк аударымдары арқылы немесе жалған төлем сілтемелерін қолдану арқылы жиі төлем жасауға мәжбүр", - делінген хабарламада.