Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігі жұмысын қайта бастады

542

Сауд Арабиясының Тегерандағы елшілігі Ирандағы корольдіктің дипломатиялық миссиясы жабылғаннан кейін араға жеті жыл салып жұмысын қайта бастады, деп жазады inbusiness.kz www.interfax.ru порталына сілтеме жасап. 

Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігі жұмысын қайта бастады Фото: pixabay.com

"СІМ өкілі Сауд Арабиясының Тегерандағы елшілігі 6 тамызда ресми түрде қайта ашылды деп мәлімдеді", - деп хабарлады агенттік.

Маусым айында Эр-Риядтағы Иран елшілігінің ашылу салтанаты өтті.

Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас 2016 жылы Эр-Риядта корольдікті сынаған ықпалды шиит уағызшысы Нимр ан-Нимр өлім жазасына кесілгеннен кейін шиеленісе түсті. Бұл жағдайдан кейін Тегеранда демонстранттар Сауд Арабиясының елшілігіне шабуыл жасап, Эр-Рияд Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу