Сауд Арабиясының мұнай компаниясы Ираннан қорғану үшін Украинадан дрон сатып алмақшы

89

Иран шабуылынан кейін қарсылас дрондарын қағып түсіретін аппараттарға қызығушылық артқан. 

Сауд Арабиясының мұнай компаниясы Ираннан қорғану үшін Украинадан дрон сатып алмақшы Фото: Getty Images

Сауд Арабиясының Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы украиналық дрондарды сатып алу жөнінде ықтимал келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер SkyFall және Wild Hornets компанияларының өкілдерімен жүргізілуде. Олардың дрондары басқа ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойып жіберуде қолданылады. Бұдан бөлек Эр-Рияд украиналық Phantom Defense компаниясымен дрондардың байланыс жүйесін бұзатын радиоэлектрондық күрес жүйелерін сатып алу мәселесін де пысықтады. 

Украиналық дрондарға деген қызығушылық Парсы шығанағының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған Иран шабуылдарынан кейін арта түскен. 7 наурыз күні Ираннан ұшқан дрон Сауд Арабиясының Берри кен орнын нысанаға алды. Бұған дейін Ras Tanura мұнай өңдеу зауыты және басқа да Saudi Aramco нысандары, сондай-ақ Қатар, Кувейт, Бахрейн және БАӘ энергетикалық инфрақұрылымы да шабуылдарға ұшыраған.

8 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонның сұрауы бойынша украиналық дрон мамандарының америкалық базаларды қорғау үшін Иорданияға жіберілгенін хабарлады. Оның сөзінше, 11 мемлекет дрон саласы бойынша Киевпен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Олардың қатарында Иранмен шектесетін елдер, бірнеше Еуропа мемлекеттері және АҚШ бар.

The Wall Street Journal мәліметінше, Украинадағы дрон өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктері әзірге белгісіз болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу