Сауд Арабиясының жанармай сатуды қысқартуына байланысты мұнай бағасы өсті

766

Сауд Арабиясының жанармай сатуды қысқартуына байланысты мұнай бағасы өсті

Сауд Арабиясы ОПЕК келісімі бойынша азиялық сатып алушыларға жанармай сатуды қысқартуына байланысты, этолон маркалы мұнай бағасы өсе бастады, деп хабарлайды Интерфакс.

Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің сейсенбі күнгі Мәскеу уақытымен 13:20-дағы бағасы $0,22-ға (0,38%)  өсіп, барреліне 52,59 долларға жетті.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) 0,26 долларға (0,53% ) көтеріліп, барреліне 49,65 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу