Сауд Аравиясы мұнай нарығын тұрақтандыруды көздейді

1035

Сауд Аравиясы мұнай нарығын тұрақтандыруды көздейді

Бұл туралы Сауд Арабиясының Энергетика министрі Халид әл-Фалих Ресейдің энергетика министрімен кездесуінде мәлімдеді. Ол Мәскеу мен Эр-Риядтың мұнай нарығы үшін ортақ мәмілеге келетініне сенім білдірді. Сондай-ақ мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) мен мұнай өндіретін басқа да елдер үшін келісімге келу маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап  reactor.inform.kz хабарлайды.

10 қазанда әл-Фалих биылғы жылдың соңында мұнай бағасы барреліне 60 долларға жетеді деген еді.  

МЭЕҰ-ға мүше мемлекеттер 28 қыркүйекте мұнай өндіру деңгейін күніне 32,5 млн баррель шамасында бекіткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу