Сауда айналымы 530 миллион долларды құрады

816

Сауда айналымы 530 миллион долларды құрады

2016 жылы Чжецзян–Қазақстан бағыты бойынша сауда айналымы 530 млн долларды құрады. Бұл туралы Чжэцзян провинциясы үкіметінің халықаралық байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Пэн По Ханжоу қаласындағы (Қытай) қазақстандық журналистермен кездесуде хабарлады, деп жазады strategy2050.kz.

Чжэцзян провинциясының басшысы хабарлағандай, бұл провинция Қытайдың оңтүстік-шығыс бөлігінде, жағалауда орналасқан. Оның құрлықтық көлемі 100 мың шаршы шақырымды, ал акваториі 260 мың шаршы шақырымды құрайды. Бүгінде провинцияда тұрақты түрде 55,9 млн адам тұрады. 
"Чжецзян провинциясы – тарихы бай мәдени орталық, Қытай өркениетінің қайнар көзі. Бізді көне тау мүсіндерінен 10 мыңнан астам жыл бөліп тұр, Ханчжоу қаласы Қытайдың табиғаты әсем көне жеті қаласының бірі, отанында жұмақ мекені деп аталыпта жүр. Ханчжоу 2 рет Қытайдың астанасы болды. 2016 жылы қала G20 саммитін қабылдады. Чжецзянның халықаралқ қарым-қатынасының тарихы тереңде. Осыдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын оның жібегі, шайы, қышы мен өзгеде тауар түрлері Азия мен Еуропа елдеріне "Жібек жолы" бойымен жеткізіліп тұрды. Бүгінде төраға Си Цзиньпиннің басшылығымен "Біл белбеу – бір жол" жобасының құрылысы жүргізілуде, ол Чжецзянға әлемнің 200-ден астам елімен экономикалық және сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік береді", – деді П.По.

Ол атап өткендей, Чжецзян–Қазақстан – "Біл белбеу – бір жол" аясында өте маңызды және белсенді дамып келе жатқан сауда бағыты. 
"2016 жылы сауда айналымы 530 млн долларды, 19 кәсіпорынды құрады. Чжецзянға қазақстандық инвестициялар 15 кәсіпорынды немесе жалпы сомасы 22,980 млн доллар болатын келісімшарттарды құрады. Әлемдік экономиканың белсенді даму жағдайында аймақтар арасында ынтымақтастықтың дамуы мемлекеттер үшін қор алмасу, жалпы даму мен прогресс басымдылық болып табылады. Осы ретте Қазақстан мен Чжецзян арасындағы ынтымақтастытың дамуының әлеуеті зор", – деп атап өтті По мырза. Оның айтуынша, Чжецзян провинциясы экономикалық тұрғыда дамыған, 2016 жылы провинцияның ЖІӨ 699,8 млрд долларды құрады, жан басына шаққанда 12,577 мың доллардан болады. Жалпы бұл провинция Қытай жерінің 1%, халық санының 4% алып отырса, жалпы ұлттық экономиканың 6% қамтамасыз етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу