Сауда айналымы 70,5 млрд долларды құрады

832

Экспортқа 39,2 млрд доллардың өнімі шығарылды. 

Сауда айналымы 70,5 млрд долларды құрады

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің сауда айналымы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша 10 айда сыртқы сауда айналымы 70,5 млрд долларды құраған. 

"Ал экспорт 39,2 млрд долларды, импорт – 31,3 млрд долларды құрады. Осылайша, 7,9 млрд доллар деңгейінде сауда теңгерімінің оң сальдосы сақталды", – деді министр. 

Сонымен қатар ол өңдеу өнеркәсібінде 3,3% деңгейінде өсу сақталып отырғанын жеткізді. 

"Бұл ретте, кен өндіру өнеркәсібі 3,4%-ке төмендеді. Нәтижесінде, өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,2%-ті құрады", – деген министр өңірдердің көрсеткішіне тоқталды. 

"Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай (19,2%), Солтүстік Қазақстан (10,3%) және Ақмола (9,7%) облыстарында байқалады. Ал  өңірде төмендеу тіркелді. Олар Батыс Қазақстан (8,3%), Қызылорда (1,4%), Шығыс Қазақстан (1,3%) және Атырау (1,3%) облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы (2,6%)", – деді Руслан Дәленов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу