Сауда балансы 1 млрд доллар мөлшерінде теріс қалыптасты

1010

Тауар экспорты 18,4% қысқарды.

Сауда балансы 1 млрд доллар мөлшерінде теріс қалыптасты

Үкімет отырысында еліміздің 9 айдағы экспорты 35,3 млрд долларды құрағаны жарияланды. 

"9 айда сыртқы сауда айналымы 62,8 млрд долларға жетті. Экспорт 35,3 млрд долларды, импорт 27,5 млрд долларды құрады. Осылайша сауда теңгерімінің оң сальдосы 7,8 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз етілді", – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылғы 3-тоқсанда сауда балансы 1999 жылдан бері алғаш рет 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасқанын мәлімдеді. 

"2020 жылғы 9 айда сауда балансының профициті 9,1 млрд АҚШ долларына дейін, яғни 35% төмендеді. Тауар экспорты 18,4% қысқарды. Бұл мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты болды", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу