Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Өткен жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша, төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен қалыптасып, сауда балансының жақсаруына байланысты 8 млрд долларды құрады.
Сауда балансының профициті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7 млрд долларға ұлғайып, 29,2 млрд доллар болды.
Мұнай және газ конденсаты экспортының 36,4 млрд долларға дейін 63,4%-ға өсуі есебінен тауар экспорты 64,2 млрд долларға дейін 48,4%-ға ұлғайды.
Тауар импорты 35 млрд долларға дейін 17,5%-ға өсті", – бас банк төрағасы.
Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 3,3 млрд долларға ұлғайып, 19,7 млрд долларды құрады.
"Ағымдағы шоттың профициті тұрақсыз, өйткені ол шикізат бағасының, ең алдымен, мұнай бағасының жоғары болуына байланысты", – деп түсіндірді Пірматов.