Сауда индустриясы жаңа жұмыс жағдайына толықтай бейімделді – вице-министр

660

Еуропалық Одақ біздің ең басты сауда және инвестициялық серіктесіміз.

Сауда индустриясы жаңа жұмыс жағдайына толықтай бейімделді – вице-министр

Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова Ready4Trade Central Asia жобасының онлайн өткен конференциясы кезінде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені қолдану елімізге сауда-саттық үдерістерін жеңілдету үшін оңтайлы шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап айтты. 

"Еуропалық Одақ біздің ең басты сауда және инвестициялық серіктесіміз. Биылғы жылдың 1 наурызында Еурпалық Одақ пен Қазақстан арасында кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім күшіне енгенін атап өту маңызды. Бұл – елдер арасындағы ынтымақтастықтың айырықша жаңа кезеңі әрі бүгінгі жоба осы келісімнің сауда блогын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың белсенді атқарылып жатқанының дәлелі. Қазіргі кезде сауда индустриясы жаңа жұмыс жағдайына толықтай бейімделді. Сонымен қатар, жаңа мүмкіндіктерді пайдалануды барынша арттыру кезінде туындайтын қиындықтарға инновациялық шешімдер іздеуді жалғастыру қажет. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған өте маңызды мәселе – сауда және цифрландыру арқылы инклюзивті дамуға қолдау көрсету", – деді ол Әсел Жанасова.

Айта кетсек, Ready4Trade Central Asia жобасы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Еуропалық Одақпен арадағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу