Сауда келіссөздерінің сәтті басталуы мұнайға оң әсерін тигізді

1010

Brent сұрыпты мұнай баррелі 64,27 доллар.

Сауда келіссөздерінің сәтті басталуы мұнайға оң әсерін тигізді

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің алға жылжуы шикізат бағасының көтерілуіне себеп болды. 

"Экономикадағы жағдай жақсарып келеді. Акциялар нарығындағы жағдай да оңалуда", –дейді Price Futures Group аналитигі Фил Флинн. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 62 центке көтеріліп, баррелі 64,27 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 40 центке қымбаттап, барреліне 58,41 долларды құрады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу