Теңіз қауіпсіздігі қызметі сауда кемесіне Қызыл теңізде шабуыл жасалғанын, онда Йеменде орналасқан хуситтер өткен жылдың соңынан бастап кемелерге тыныштық бермей келетіндігін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Біріккен Корольдіктің теңіз сауда ұйымы сауда кемесінің артқы жағына 5-7 метрлік "шағын қалқымалы құралмен" соққы жасалғаны туралы хабарлама алғанын айтты.
Қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін Ambrey фирмасы шабуыл Йеменнің Ходейда порт қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 шақырым жерде болғанын хабарлады.
Жапа шеккен нысандар мен құрбандар туралы хабарланған жоқ. Толығырақ ақпарат та ұсынылмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу