Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Сауда министрі Серік Жұманғариннен "McDonald's-тың жабылуы Қайрат Боранбаевтың тұтқындалуымен байланысты ма?" деп сұрады.
"Шынымды айтсам, білмеймін. Біліп, жауап берейін. Бұл маған да қызық", – деп жауап берді министр.
Еске сала кетсек, бизнесмен Қайрат Боранбаев аталған жылдам тамақтану желісін елімізге 2016 жылы әкелген. Ал биылғы 18 қарашада желінің барлық мейрамханалары жұмысын тоқтатты.
Қайрат Боранбаев биылғы наурызда ұсталды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу