Елдегі базарларды жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартудан өтпеген кейбір сауда орындары келесі жылы жабылуы мүмкін.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда базарларды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – сауда орындарының көлеңкелі экономика ошақтарына айналуына жол бермеу мақсатында қолға алынған шара.
– Жаңғырту бағдарламасы бекітілді. Осы жылдың соңына дейін нақты нысандар мен атқарылатын шаралар көрсетілген жол картасы дайын тұр. Егер 2026 жылға дейін жаңғырту картасына енгізілген базарлар жаңартылмаса, олардың жұмысы тоқтайды, – деді Арман Шаққалиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу