Сауда министрлігі азық-түлік бағасын ұстап тұрудың шұғыл шараларын ұсынды

818

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуеыша, азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін шұғыл түрде біршама шараны қабылдау қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сауда министрлігі азық-түлік бағасын ұстап тұрудың шұғыл шараларын ұсынды

"Біріншіден, әкімдіктер бизнес субъектілерінің үстеме ақылар мен шекті бағалардан асып кетуіне жол бермеуге мониторинг пен бақылауды күшейтуді, сондай-ақ өңір тұрғындарына белгіленген шекті бағалар туралы хабарды дер кезінде жеткізуді тапсыруды сұраймын. Екіншіден, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында тауар жеткізу жөнінде нақты өңіраралық кооперацияны қамтамасыз ету қажет", - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақтандыру қорларына тауарларды өзара жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ережелерге өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр.

"Үшіншіден, қыркүйек пен желтоқсан аралығында шекаралас елдер тарапынан көкөніске деген сұраныстың артуы байқалады. Өнімнің бақылаусыз елден шығарылуы орын алған жағдайда, осы тауарлар экспортын квоталауды енгізу қажет. Төртіншіден, көкөніс пен жеміс-жидек қоймаларының физикалық және моральдық тұрғыдан ескіргенін ескере отырып, инвестициялық субсидиялау нормасын 25%-тен 50%-ке дейін ұлғайту қажет. Бұл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау аясында қажет және бизнесті ынталандыруға, егінді жеткілікті мөлшерде сақтауға және бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу