Сауда министрлігі талапқа сай келмейтін антифризді сатуға тыйым салды

657

Техникалық талаптарға сай келмейтін сұйықтықты сатуға рұқсатты Сауда және интеграция министірлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінен Қазақстан автохимиясын өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы сұраған, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Сауда министрлігі талапқа сай келмейтін антифризді сатуға тыйым салды

Тауар Кеден одағының 030/2012 "майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған. Нұр-Сұлтан қаласында "Антифриз" салқындату сұйықтығын сату туралы өтініштер бірнеше жерден түскен көрінеді. Тауардың нарықта өнім айналымының бірыңғай белгісінің болмауы, метанолдың техникалық регламенттің белгіленген нормасынан асып кетуі, сондай-ақ, кристалданудың басталу температурасы байқалған.

"Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін өткізілетін өнім, Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығына ықтимал қатер төндіреді. Аталған өтініштер бойынша Комитет "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабына сәйкес техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығарғаны үшін шаралар қабылдады. Кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті барлық өндірушілерге, импорттаушыларға және сатушыларға сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімді айналымға шығарған кезде осы өнім техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкес келуі және сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен қоса берілуі тиіс екенін еске салады", - деп ескертеді министрліктен.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу