Сауда нысандары мен базарларда төлем тек картамен жүргізіледі

906

Шаһардағы карантин режиміне қарамастан банктердің алдында жалақысы мен зейнетақысын, әлеуметтік төлемдерін  алғысы келетіндердің қатары күрт көбейген. 

Сауда нысандары мен базарларда төлем тек картамен жүргізіледі

Шымкенттегі сауда нысандары мен базарларда төлемдер тек картамен жүргізіледі. COVID-19 індеті  ақша арқылы жұғуы мүмкін екенін ескерген қала басшылығы   қауіптің алдын алу үшін осындай шараны қолға алды, деп хабарлайды Atameken Business.

Соңғы күндері шаһардағы карантин режиміне қарамастан банктердің алдында жалақысы мен зейнетақысын, әлеуметтік төлемдерін  алғысы келетіндердің қатары күрт көбейген. Олардың санын азайту үшін төтенше жағдай штабы осындай шешім қабылдады. Бұл жұмысқа дүкендер де дайын болуға тиіс. Пост-терминал орнатпағандарға әкімшілік айыппұл қарастырылып, тіпті жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Ал банктік картасы жоқ азаматтар қаржы ұйымдарына қоңырау шалып немесе онлайн түрде тапсырыс бере алады. Дайын картаны банк өкілдері тұрғындардың үйлеріне дейін жеткізіп бермек.

"Басым көпшілігінде жоқ деп ойлаймын, әсіресе базарлардағы саудагерлерде. Ал, көпқабатты үйлердің астыдағы дүкендерің көбінде бар деп ойлаймын", – дейді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрмен.

Оның айтуынша пост-терминал орнатпағандарға бірінші түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, одан кейін уақыт беріледі.

"Содан кейін барып, тыңдамаса айыппұл салуға болады",– дейді Данияр Дәрмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу