Сауда ойын-сауық орталықтары ашылады

1800

Фудкорд пен кинотеатр қызметіне салынған тыйым алынбайды.

Сауда ойын-сауық орталықтары ашылады Фото: Мария Матвиенко

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева осыған қатысты қаулы әзірленіп жатқанын жариялады. 

"Елордада байқалған коронавирус инфекциясы деңгейінің оң динамикасына қарамастан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін атап айтқым келеді. Себебі карантин шараларын босаңсыту – кез келген уақытта аурудың өршуіне әкелуі мүмкін. Қызмет көрсетуге рұқсат берілген нысандарда санитарлық нормалардың талаптарын субъектілер ғана емес, келушілер де қатаң сақтауы керек", – деді Жанна Пірәлиева.

Бас санитарлық дәрігер елордадағы сауда ойын-сауық орталықтары 20 мамырдан бастап ашылатынын айтты. 

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссияда 2020 жылдың 20 мамырынан бастап біздің қалада сауда ойын-сауық орталықтарының (оның ішінде ойын-сауық және ойын орталықтарынсыз, фудкордсыз, кинотеатрсыз) және қоғамдық моншалардың (сауналардың бассейнсіз), азық-түліктік емес сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын қайта бастау жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған қатысты қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы дайындалып жатыр", – деді Жанна Пірәлиева 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу