Сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істейтін болады

562

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша комиссия осындай шешім қабылдады.  

Сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істейтін болады

24 қазаннан бастап сенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істей бастайды.
Ал 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.
Сонымен қатар:

- 26 қазаннан бастап шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқарады;
- Қазақстанға ұшып келгендердің барлығы ПТР-тестілеуден өтуі тиіс (көптеген өңірлік зертханада тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді);
- Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу