Сауда орындарын жалға берушілерді жыл сайын есеп тапсыруға міндеттеді

1110

Сауда орындарын жалға берушілерді жыл сайын есеп тапсыруға міндеттеді

Жалға беруші кәсіпкерлерді жыл сайын салық есебін тапсыруға міндеттеді деп хабарлайды LS Алматы мемлекеттік кіріс департаментіне сілтеме жасап.

Мекеме ұсынған мәліметке сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда орындарын жалға не пайдалануға беретін салық төлеушілерге жыл сайынғы салық есебін – 871 "Жалдау(пайдалану) шарттарының тізілімін" тапсыру міндеті жүктелді. Тапсыру мерзімі – есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін.

"Аталған салық есебі тізілім түрінде,  декларациялық сипатта болады, себебі ол жалға берушінің сауда нысаны туралы мәліметті сипаттауға арналған. Негізінен бұл мәлімет жалға берушілер мен жалға алу немесе пайдалану шартына, жалға беру  ақысы және (немесе) жалдау шартына сәйкес орны толтырылатын шығын сомаларына; төлеуге тиісті және төленген сомаға қатысты болады", – деп түсіндірді департаменттегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу