"Сауда үйіне бомба қойған" Өскемен тұрғыны сотталды

595

Жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген өскемендік тұрғынның 3 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.  

"Сауда үйіне бомба қойған" Өскемен тұрғыны сотталды

2 қаңтарда Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ “102” жедел арнасына белгісіз жігіт қоңырау шалып, қаланың сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғанын хабарлаған. Ақпаратты алғаннан кейін дереу оқиға орнына мамандандырылған қызметтер жеткен. Тексеруден кейін ақпарат жалған екені белгілі болған.

Тәртіп сақшылары телефон нөмірі бойынша қоңырау шалған жігітті жедел анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны болып шықты, куәландыру нәтижесіне сәйкес “орташа дәрежедегі” масаң күйде болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған.

24 наурызда күдіктіге 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Полиция департаменті қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу