Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрамы белгілі болды

597

Оның құрамында 15 азаматтық қоғам белсендісі  бар. 

Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрамы белгілі болды Фото: Егемен Қазақстан

Сауда және интеграция министрлігінің жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның мүшелері ашық дауыс беру арқылы таңдалды, деп жазады inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірі кеңестен шығып кетуі жағдайына байланысты азаматтық қоғамнан кандидаттардың резервтік тізімі анықталды.

Кеңестің өкілеттіктеріне бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, министрліктің стратегиялық жоспарларын және олардың орындалу барысын талқылау, НҚА жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және т.б. жатады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, қоғамдық кеңес 3 жыл мерзімге сайланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу