Сауда және интеграция министрі Жұманғарин кәсіпкерлермен кездесті

599

Серік Жұманғарин Алматы облысының тұрғындарын тыңдап, кәсіпкерлердің тауарларымен танысты.

Сауда және интеграция министрі Жұманғарин кәсіпкерлермен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Алматы облысына жұмыс сапары аясында тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпкерлермен кездесіп, нысандардың жұмысымен танысты.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 

Вице-премьер алдымен Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында орналасқан "Unifruit" компаниясына барды. 100 га алаңда қарқынды бау-бақша өсірумен айналысатын компания бүгінде 65 адамды тұрақты және 150-ге жуық адамды маусымдық жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Алма және шие өсіретін кәсіпорын 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жобалық қуаты жылына 5 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ жалпы сақтау көлемі 4 200 тонна болатын екі жеміс сақтау қоймасы бар.

Сонымен қатар Қайнар ауылындағы "Есік жеміс консерві зауытының" бүгінгі жұмыс қарқынымен танысты. Зауыт ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асырады. Мәселен, қызанақ концентратын, алма және өрік пюресін өндіреді. Тәулігіне шамамен 600 тонна қызанақ және 300 тоннаға дейін басқа да жеміс-көкөніс шикізатын дайындайды.

Республиканы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған "Adal сүт" зауыты да Алматы өңірінде орналасқан. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт күніне 150 тонна сүт өнімін шығарады және 600-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жұмыс сапары аясында Серік Жұманғарин облыс халқымен де кездесу өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

– Баға мәселесі өте маңызды. Бүгінде картоп пен сәбіз бағасын бекіту үшін Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Жамбыл облыстарының ірі өндірушілерімен 4 млрд теңгеге дейін "айналым қаражатын" ұсыну бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Бұл нарықты белгіленген баға бойынша көкөніс өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді С. Жұманғарин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу