Сауда және интеграция министрлігі халықты тағы сабырға шақырды

1545

Қазақстанда азық-түлік өндірісі тоқтатылмайды. Қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады.  

Сауда және интеграция министрлігі халықты тағы сабырға шақырды

Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі дабыраға жол бермеуге шақырды, деп жазады inbusiness.kz.

 "Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырады. ҚР АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар. Жедел деректер бойынша республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және тағы басқалары", – деді министрліктен.

Сондай-ақ елде қант тапшылығы жоқ. "Қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады", – деді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу