Қазақстан Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Қайратұлы Кәрімов ведомстваның аппарат жетекшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Азамат Қайратұлы қазақ мемлекеттік заң университетін, Ресейдің мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.
Еңбек өтілі 2014 жылы "Қазпошта" АҚ бастау алды.
2014 -2015 жж -"Қазпошта" АҚ "Пошта қызметінің" бас маманы.
2015-2019 жж - Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінде кадрда қызмет етті.
2019-2020 жж – Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту бойынша басқарманың бас маманы.
2020-2021 жж -Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің бас сарапшы.
2021-2023 жж - Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің басқарма басшысы.
2023 ж - Қазақстан Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлім секторының меңгерушісі.
2024 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.