Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды

578

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке меншік компанияның менеджері болып бастаған.

2006-2009 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Әр жылдары жеке меншік ұйымдарда еңбек етті.

2011-2016 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.   

2017-2018 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2021 жылдары – "KazEnergy" ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу