Саудада доллар арзандады

559

Қытайдағы мерекеге байланысты юаньмен сауда болған жоқ. 

Саудада доллар арзандады Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,29 теңгеге төмендеп, 478,77 теңге болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 507,23 теңге, рубльді 5,01 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 478,5-480,7 теңге, еуро 505,5-508,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

  • 23 қазандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
  • Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 1,13%-ға арзандап, барреліне 91,12 доллар болды.
  • WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,36%-ға арзандап, барреліне 86,88 доллар болды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу