Саудада доллар арзандай түсті

418

Ал 2 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді. 

Саудада доллар арзандай түсті Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,28 теңгеге төмендеп, 443,66 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 61,75 теңге (-0,35) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 488,39 теңге, рубльді 4,84 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443,5-446,5 теңге, еуро – 488-492,5 теңге, ресей рублі – 4,67-4,91 теңге аралығында сатып алынып жатыр.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,8%-ға өсіп, барреліне 85,59 доллар болды. Сейсенбі күні бұл көрсеткіш 0,6%-ға төмендеп, барреліне 84,91 доллар болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу