Саудада доллар бағамы қайта көтерілді

784

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,70 теңгеге қымбаттап, 477,44 теңге болды. 

Саудада доллар бағамы қайта көтерілді Фото: inbusiness.kz
  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,88 теңге болды.
  • Еуро бағамын Ұлттық банк 500,23 теңге, рубльді 4,79 теңге деп белгіледі.
  • Ақша айырбастау орындарында доллар 477,3-480,1 теңге, еуро 501-505 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр.
  • Мұнайдың әлемдік бағасы бір күн бұрын құлдырағаннан кейін 5 қазандағы сауда барысында қайта көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 0,15%-ға өсіп, барреліне 85,94 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қараша айындағы фьючерстері 0,13%-ға өсіп, барреліне 84,33 доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу