Саудада доллар тағы екі теңгеге қымбаттады

444

Ал әлемдік мұнай бағасы төмендеді. 

Саудада доллар тағы екі теңгеге қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,85 теңгеге қымбаттап, 473,22 теңге болды.

  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 64,68 теңгеге дейін көтерілді (+0,16).
  • Еуро бағамын Ұлттық банк 503,93 теңге, рубльді 4,9 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 472-475 теңге, еуро 502-506 теңге, ресей рублі 4,77-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 1,09%-ға төмендеп, барреліне 93,31 доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу