Саудадағы техникалық кедергі мәселелері жөнінде колл-орталық іске қосылды

455

Қазақстанда саудадағы техникалық кедергі мәселелері жөнінде колл-орталық іске қосылды. Бұл туралы "Қазақстан стандарттау және метрология институты" РМК бас директоры Ғабит Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Саудадағы техникалық кедергі мәселелері жөнінде колл-орталық іске қосылды Фото: ortcom.kz

Ғабит Мұхамбетовтің сөзінше, отандық экспорттаушыларды ақпараттық қолдау мақсатында бірқатар Еуропа, Азия және араб әлемі елдеріне өнімнің 500 түрі бойынша өнімдерді экспорттау алгоритмдері зерттелді.

"1 ақпаннан бастап саудадағы техникалық кедергілер мәселелері жөнінде қазақстандық кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау бойынша тұрақты жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды. Шын мәнінде "бір терезе" принципі бойынша отандық және шетелдік кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығы құрылды, онда қауіпсіздік мәселелеріндегі тауарларға қатысты әзірленіп жатқан міндетті талаптар бойынша толық ақпарат алуға болады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу