Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпарат орталығы құрылды

2222

 Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпарат орталығы құрылды

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпарат орталығы құрылды. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталық алаңында өткен "Қазақстанда стандарттау: ағымдағы жағдайы мен перспективалары" тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.

Баспасөз конференциясы барысында халық арасында және бизнес-қоғамдастықта стандарттардың сұранысқа ие екендігі айтылды. "ҚазСтИн" РМК бас директоры Қайрат Кәрібжанов Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қоры мен "Бір терезеден" әр мүдделі тұлға кез келген техникалық құжатты жылдам және жеңіл ала алатын Интернет-дүкен онлайн-ресурстың ашылғаны туралы айтып өтті.

Халықаралық экономикалық қоғамдастыққа бірігу мәселесі де сырт қалған жоқ. Институт құрамында Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ақпарат орталығы құрылды. Ол отандық экспорттаушыларды ДСҰ мүше елдердің техникалық регламенттері мен стандарттарының жобасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ел бизнесінде аталған құжаттарды қарастыру және өз ескертулерін жолдау мүмкіндігі бар. Институт міндеті – аталған ескертулерді ДСҰ мүше елдерге жеткізу және оларды ДСҰ саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеталаңында қорғап қалу. Бұл экспорт кезінде техникалық кедергілерді болдырмауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу