Сауданың кешенді дамуына жаңа цифрлық шешімдер ықпал етеді - Серік Жұманғарин

436

Сауда бойынша талдамалы платформаларды енгізу аясында 7 модуль іске асырылған.  

Сауданың кешенді дамуына жаңа цифрлық шешімдер ықпал етеді - Серік Жұманғарин Фото: strategy2050.kz

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында цифрлық жобаларды іске асыру бизнес процестерді оңтайландыруға көмектесетінін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

"Сауданың кешенді дамуына жаңа цифрлық шешімдер ықпал етеді. Біріншіден, бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу арқылы ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сауда бойынша талдамалы платформалар енгізу шеңберінде 7 модуль іске асырылды", - деді ол.

Министрдің сөзінше, бұл елдің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуін талдау арқылы жедел шешім қабылдауға мүмкіндік бермек.

"Автоматтандырылған трансшекаралық сауда есеп айырысу интеграцияланған жүйесі іске қосылады. Бұл компанияларға экспортқа шығу кезінде қаржылық шығынды айтарлықтай азайтуға, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы цифрлық жобаларды іске асыру министрлікке саланың бизнес процестерін оңтайландыруға көмектеседі және қоғамға ұсынылатын ақпарат ашық болады деп күтілуде", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу