Сауд Арабиясының Saudi Aramco деп аталатын мұнай компаниясы (толық атауы – Saudi Arabian Oil Co) Apple-ді басып озып, әлемдегі ең қымбат компания атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, Saudi Aramco-ның тізімді көш бастауына мұнай бағасының өсуі, технологиялық алыптардың акцияларына деген сұраныстың төмендеуі мен инфляцияның өсуі әсер етіп отыр.
2,43 трлн доллардай нарықтық капиталдандыруға ие Saudi Aramco 2020 жылдан бері алғаш рет Apple-ден асып түсті. Iphone өндірушісінің акциялары 3,9%-ға арзандап, 148,5 долларға дейін төмендеді. Осылайша, Apple-дің капиталдандыруы 2,41 трлн долларға дейін қысқарды.
8 мамырда Сауд Арабиясы соңғы төрт айда алғаш рет Қытайдағы жаңа карантиндік шаралар мен ресейлік жеткізілімдер төңірегіндегі белгісіздік жағдайында мұнай бағасын төмендеткен болатын.
Табиғат Нұрболат