Saudi Aramco бір күндік өндіріс көлемін 1 млн баррельге өсіреді

1147

Осы орайда қазір компания дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Saudi Aramco бір күндік өндіріс көлемін 1 млн баррельге өсіреді

Ең ірі мұнай өндіруші саналатын Сауд Арабиясының Saudi Aramco компаниясы шикізат бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 12 млн баррельден 13 млн баррельге дейін көтеретінін мәлім етті. 

"Saudi Aramco энергетика министрлігінен қара алтын өндірісін 12 млн баррельден 13 млн баррельге өсіру туралы пәрмен алды", – дейді компания өкілдері. Ал 10 наурыз күні Saudi Aramco сәуірден бастап күніне 12,3 млн баррель мұнай өндіретінін жариялаған болатын. 

"Сауд Арабиясы өзіне жеткілікті қор жинап алды. Енді ол ұзақ уақыт бойы бағалардың төмендігін еңсере алады, бірақ артынан опық жеп қалуы да мүмкін", – дейді Nomura Asset Management-тің Таяу Шығыстағы бөлімінің атқарушы директоры Тарек Фалаллах. 

Еске сала кетсек, 6 наурызда ОПЕК+ пен оған мүше емес басқа өндірушілердің келіссөздері нәтижесіз өткен еді. Бұған Ресейдің шикізат өндірісін қысқартудан бас тартуы түрткі болды. Нәтижесінде 1 сәуірден бастап құжатқа қолған қойған елдер міндеттемелерді орындауды тоқтатады, яғни мұнай өндірісін қысқартпайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу