Saudi Aramco IPO рәсімін 3 қарашада өткізуді көздеп отыр

1549

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 4 желтоқсанда жүргізіледі. 

Saudi Aramco IPO рәсімін 3 қарашада өткізуді көздеп отыр

Сауд Арабиясының мұнай компаниясы 3 қарашада IPO рәсімін бастайды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 4 желтоқсанда жүргізіледі. Ал компания орналастыру құнын 17 қарашада жариялап, 11 желтоқсанда жергілікті Tadawul биржасында акцияларын саудалауды бастайды.

Saudi Aramco өкілдерінің хабарлауынша, компания қазір акционерлерімен IPO-ға қатысты мәселелерді талқылауда, оның мерзімі нарықтық ахуалға байланысты болмақ.

Осы айда мұнай алпауыты IPO рәсімін кезекті рет кейінге қалдырған болатын. Бұған корольдіктің шикізат нысандарына жасалған шабуылы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік,14 қыркүйекте компанияның мұнай өндіруші зауыттарына дрондар шабуылдап, салдарынан өндіріс іркіліп қалған еді. 

IPO рәсімі ел экономикасын ынталандыру, әлемдегі ең ірі инвестициялық қор құру мен мұнайға деген тәуелділіктен арылуға бағытталған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу