Saudi Aramco-ның IPO-сына деген сұраныс $20 млрд-қа жетті

1008

Бір акцияның құны 8,1-8,6 доллар. 

Saudi Aramco-ның IPO-сына деген сұраныс $20 млрд-қа жетті

Инвесторлардың саудиялық Saudi Aramco компаниясының акцияларын сату үшін бастапқы жария ұсынуға деген сұранысы 20 млрд долларға жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Ал институционалды инвесторлардың компания IPO-на қатысуға деген сұранысы 17,1 млрд доллар. 

Жеке инвесторлардың үлесіне 2,7 млрд доллар тиесілі. 

Жарияланған деректер әлі де өзгеруі мүмкін. Өйткені Saudi Aramco IPO-на институционалды инвесторлардың жазылуы 4 желтоқсанға дейін, ал жеке инвесторлардыкі 28 қарашаға дейін жүргізіледі. 

Акцияларды сатудың негізгі бағасы шамамен 30-32 риал, яғни бір акцияның құны 8,1-8,6 доллар. 

Saudi Aramco IPO аясында өз акцияларының 1,5%-ын жергілікті Tadawul биржасында шамамен $ 24,3-25,9 млрд бағамен орналастыруға ниетті, бүкіл компанияның құны осылайша $ 1,6-1,7 трлн болмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу