Саудия 1 млрд долларға төрт бірдей мұнай-газ компаниясының акцияларын сатып алды

931

Мемлекеттік инвестициялар қоры норвегиялық Equinor, англия-голландиялық Royal Dutch Shell, франциялық Total және итальяндық Eni компанияларының құнды қағаздарына иелік етті.

Саудия 1 млрд долларға төрт бірдей мұнай-газ компаниясының акцияларын сатып алды

Сауд Арабиясы 1 млрд долларға төрт бірдей мұнай-газ компаниясының акцияларын сатып алды, деп хабарлайды Atameken Business.

Эр-Рияд коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының төмендеуінен жағдайлары қиындаған еуропалық кәсіпорындарға қызығушылық танытуда. Мәселен, "Equinor" акциялары жыл басынан 23%-ға арзандады. Ал, Royal Dutch Shell, Total және Eni құнды қағаздары сәйкесінше 35%, 31% және 33% құнсызданды.

Сарапшылар ел экономикасын әртараптандыру міндетіне қарамастан патшалық мұнай-газ нарығындағы компаниялардың капиталына кіруді жалғастыратынын болжап отыр. Дегенмен, қара алтынды сатудан түсетін кірістің азаюы мен вирустық эпидемияны тоқтатуға бағытталған шығындардың өсуіне байланысты бюджет тапшылығы артады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу