Саудия Арабиясының Пәкістан халқына көмек көрсету қызметі Пенджап қаласының тұрғындарына екі медициналық көмек көрсететін орталық салып берді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Еске сала кетсек, Пенджап қаласында 2010-2011 жыл аралығында су тасқыны орын алып, көптеген әлеуметтік маңызы бар ғимараттар қираған еді. Соның ішінде қалада медициналық орталықтар күрт азайып кеткен. Су апатынан зардап шеккен тұрғындар үшін емделетін мекеме тапшылығы туындаған. Осы жағдайды ескеріп бүгінде Саудия қолдауымен екі медициналық орталық ашып отыр. Алдағы уақытта аталмыш орталықта бір сәтте 100 мың адам емделе алады екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу