Саудия билігі криптовалюта айналымын заңмен реттемек

784

Саудия билігі  криптовалюта айналымын заңмен реттемек

Саудия билігі мұсылман елдерінің бірнешеуі тыйым салған криптовалюта айналымын заңмен реттемек. Осыған орай аталған елдің капитал нарығы басқармасы жақын арада виртуалды ақшаны реттеу туралы заң жобасын ұсынатын болады, деп хабарлайды islam.kz.

Аталмыш басқарма төрағасы Мұхаммед әл-Кубайс криптовалютаға тыйым салынбайтынын жеткізді.

"Өзге елдер секілді Саудия да криптовалюта нарығының даму барысына ден қоя бақылап отыр. Біз әзірге бұл саланы қалай реттеуге болатынын түсінгіміз келеді",- деп мәлімдеді ол.

Айта кететіні, осы уақытқа дейін Саудия билігі биткоин саудасымен байланысты қандай да бір шектеу енгізбеген ел. Саудияның орталық банкі бұрын криптовалютаны реттеудің әлі ерте екенін, өйткені, бұл саланың нарығы әлі толық қалыптаспағанын және қаржы нарығындағы криптовалютаның әсерін бағалау үшін кем дегенде бес жыл уақыт керек екенін мәлімдеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу