Саудия билігі Меккеге баруға шектеу қойды

1180

Иранда коронавирустан 19 адам көз жұмды.

Саудия билігі Меккеге баруға шектеу қойды

Сауд Арабиясының билігі Меккеге кіші қажылыққа келем деушілерге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлады "Сабах" басылымы. 

Сонымен қатар бұл шектеу Мәдина қаласындағы Әл-Масджид ан-Набави мешітіне баруды жоспарлағандарға да қатысты. 

"Сабах" басылымының мәліметінше Таяу Шығыстағы коронавирус дендеп тұрған негізгі ел –Иран. Ресми деректер бойынша мұнда 140 жағдай анықталып, 19 адам көз жұмды. 

Бұған дейін аталған мемлекетпен шекаралас Ирак, Түркия, Ауғанстан, Пәкістан мен Армения сынды бес елдің Иранмен шекараларын жапқаны хабарланған. Сондай-ақ, аталған елге баруға Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Иордания мен Грузия сынды бірқатар мемлекеттермен қатар Қазақстан да шектеу қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу