Саудия Йемендегі портты жауып тастады

851

Саудия Йемендегі портты жауып тастады

Саудия әскери коалициясы қолдайтын қарулы күштер Йемендегі портты жауып тастады, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.
Ходейде қаласындағы шабуыл Иран мен Саудия арасындағы шиеленіс негізінде өршіген. Үш жылға созылған қарулы қақтығыс салдарынан 10 мың адам қайтыс болып, осы аймақтағы 3 млн-ға жуық халық зардап шегуде. Батыстағы одақтастарының қолдауына сүйенген коалиция Йемендегі портқа иелік жасауға мүдделі. Себебі осы жер арқылы импорттық тауарлар жеткізіледі. Олар егер бұл жерді Иран бақылайтын күштер иеленсе, осы аймаққа Теһраннан қару-жарақ тасымалдануы мүмкін деп қауіптенеді.

"Араб коалициясы қолдау көрсететін Ходейдегі Иеменнің ұлттық әскері жағалаудағы ауылдарды өз бақылауына алды. Оппозиция өкілдері қашып кетті. Дегенмен, аймақта шабуыл жалғасуы мүмкін", - дейді Араб әскери коалициясының ресми өкілі Турки әл-Малки.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу